2026жылдың 10қыркүйегінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 26-өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды.
2026жылдың 10қыркүйегінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 26-өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды.
9–11-сынып оқушыларын өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қарсы алып, өз жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстырды.
Оқушылар өрт сөндірушілердің қызметі туралы қызықты ақпарат алып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көріп, қызмет барысымен танысты. Әсіресе өрт сөндіру көлігінің ішіне кіріп, оның құрылымымен жақынырақ танысу және өрт сөндіруші мамандығы туралы көбірек білу мүмкіндігі оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Экскурсия қызықты әрі достық атмосферада өтіп, оқушыларға жағымды әсер сыйлады.
Маңызды әрі қиын қызмет атқарып жүрген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз! Уақыт бөліп, оқушыларға пайдалы әрі танымды кездесу ұйымдастырғандарыңыз үшін рақмет! Сіздерге зор денсаулық, күш-қуат және кезекшілік кезінде тек тыныш күндер тілейміз!